нормативтік құжат » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2017

нормативтік құжат

1.    Жалпы ережелер

 

            1.1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2010 жылы 19 қазандағы № 447 қаулысымен өзгерістер мен  толықтырулар енгізілген .

Алматы облысы Ақсу ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506  қаулысы бойынша  мектепке дейінгі шағын орталық ашылуына байланысты – «Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік мекемесі болып қайта аталып өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар 2012 жылғы 21 мамырдағы № 278 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар 2012 жылғы 09 тамыздағы № 394 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылорақорта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды. 2015 жылғы  06 сәуірдегі         № 109 қаулысы бойынша мектеп атауына өзгерістер енгізіліп, мектептің жаңа атауы Ақсу ауданы білім бөлімі « Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық  мирасқоры  болып  табылады.

 1.2 Ақсу ауданы білім бөлімі « Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпы  білім  беру жүйесінің коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  болып  есептеледі  және  өз  аясындағы  барлық  азаматтарға    мемлекеттік  стандарт  негізінде,  мемлекеттік  кепілдік  берілген  тегін  жалпы   орта  білім  алу  құқы  мен  мүмкіндігін   үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  негізінде  жүзеге  асыратын  буын  болып  табылады,  сонымен  қатар коммуналдық  мемлекеттік  мекеменің  ұйымдастыру-құқықтық  түрлерін  қадағалайтын, заңды  тұлғаның  статусы  бар  жалпы  білім  беру  функцияларын  жүзеге  асыруға  құрылған  коммерциялық  емес  ұйым.

1.3.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме.

1.4.Ақсу ауданы білім бөлімі «Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметтік мерзімі шектелмеген.

1.5.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ мектептің  қатысы бойынша коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган Алматы облысы Ақсу ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады. Мектепті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақсу ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.6.Заңды тұлғаның толық  атауы:

Мемлекеттік  тілде:

Ақсу ауданы білім бөлімі « Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орыс тілінде:Коммунальное государственное учреждение «Средняя  школа  имени  Бижараса Садырбая с дошкольным мини – центром» Аксуского районного отдела образования.

Қысқаша  атауы:

Мемлекеттік  тілде: Ақсу ауданы білім бөлімі « Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ.

Орыс тілінде:

КГУ «Средняя  школа  имени  Бижараса Садырбая с дошкольным мини – центром» Аксуского районного отдела образования.

Мектеп:Ақсу ауданының білім бөлімінің деңгейінде құрылады.

Мектептің құрылымы мен шекті штат санын «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Мектеп басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

1.6.Мектептің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылы. 040110 Абай көшесі №1 үй.

 

2.Мектептің заңдық мәртебесі

2.1. Мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құрылды деп саналады және заңды тұлғаның құқығын иеленеді.

2.2. Мектептің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.

2.3. Мектеп өзінің иелігіндегі ақшаға өз міндеттемелері бойынша жауапты болады.

2.4. Мектеп азаматтық- құқықтық мәмілеге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен міндетті түрде тіркеуден өткеннен кейін түседі.

3.Қызметінің мәні мен мақсаттары

 

3.1. Мектептің негізгі қызметі бастауыш білім беру, негізгі жалпы орта / толық орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Мектептің қызметі төмендегідей мақсаттарға бағытталған:

Жалпы білім мазмұнын игеру негізінде оқушының ғылыми, мәдени дайындығын қалыптастыру;

Білім алушыларға сәйкес білім алуды міндетті деңгейіне жеткізу;

Білім алушыларды қоғамдық тұрмысқа икемдеу, саналы түрде кәсіп таңдап, еңбек етуге дайындау, азаматтыққа, патриоттық сезімге, еңбекқорлыққа, адамның бостандығын сыйлауға және елжандылыққа тәрбиелеу.

3.2. Мектеп тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, педагогтардың, қоғамның және білім беруді басқару ұйымдарының алдында таңдап алынған оқыту түрінің, оқу-тәрбие жоспарларының балалардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі үшін мемлекеттік мекеменің қызметі мен міндеттеріне сәйкес сапалы білім мен тәрбие беру үшін жауапты.

3.3. Мектеп балаларының денсаулығы мен дене тәрбиесі үшін сауықтыру іс-шараларын жүргізуге, санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтауға, балаларға түсетін ақыл – ой және физикалық жүктемені қадағалауға жауапты. Мектеп әкімшілігі оқушыларды тереңдетілген медициналық бақылаудан өткізуді ұйымдастырады.

3.4. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру қызметін лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3.5. Мектеп оқыту мен тәрбиелеуді жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүддесі сәйкес тұлғаны жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды, білім алушының өз бетінше білімін дамытуына қосымша алуына және шығармашылық деңгейін дамытуына мүмкіндік жасауды қамтамасыз етеді.

3.6. Мектеп азаматтардың тегін білім алуына, конституциялық құқықты іске асыруға, жалпы білімінің сапасына және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне, оқу түрлері мен әдістері, оқу құралдары, оқушының жас ерекшелігі мен психофизиологиялық қабілетіне, қызығушылығына сәйкес денсаулығына және өміріне қауіпсіз болуына заңды түрде жауапты болады.

3.7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

3.8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріне:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге;

2) «Білім туралы» Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.

Өнер мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.

3.9. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

4.Білім беру процессінің мақсаты, қызметі мен міндеттері, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізілімі.

4.1. Мемлекеттік мекеменің басты мақсаты – ұлттық және жалпы қоғамдық құндылықтар, ғылыми жетістіктер және тәжірибе негізінде тұлға ретінде дамуға және қалыптасуға бағытталған білім алуға қажетті жағдай жасау.

4.2.Мектептің ең басты міндеттері:

- білім беру бағдарламасының игерілуіне жағдай жасау;

- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік құндылықтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы ақыл – ойды байыту;

- азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт – дәстүрлерді сақтауға тәрбиелеу;

- әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне ұмтылу, қазақ халқы мен республикада тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт – дәстүрін, тарихын білу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін меңгеру;

- білім алудың жаңа технологияларын, ақпараттандыруды өндіру, халықаралық жаһандық коммуникация желілеріне шығу;

Мектеп білім беруде мынадай қызметтер ұсынады:

- мақсаттандырылған біртұтас жеке – дара жоспар арқылы мектепке дейінгі,жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру және тәрбиелеу / қазақ және шет тілдерін, информатика және бағдарламалау негіздерін тереңдетіп оқыту/;

- сауықтыру іс-шаралары мен көркем – шығармашылық және басқа да шығармашылық қызметтерін ұсыну;

- білім алушыларды кәсіптік дайындау;

- оқу жоспарында қарастырылған сағаттан тыс арнайы пәндер мен осы пәндер мен осы пәндер бойынша бағдарламаларды оқыту;

- басқа жалпы орта білім беру мекемелерінің білім алушыларымен дайындық дәрістерін жүргізу;

- орта кәсіптік білім алу мекемелеріне, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жүргізу;

- өзгеше авторлық оқу курстары мен бағдарламалар құру; мектепке дейінгі алты – жеті жасар балаларды жалпы білім беру мектебінің шеңберінде дайындау;

- бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын басқа да мектепке дейінгі оқу орындарымен байланыс және іскерлік қарым – қатынас орнату;

- өндірістік – шаруашылық іс – әрекеттер;

 

5. Қабылдау тәртібі, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру

5.1. Оқушыны мектепке қабылдау кезінде баланы, баланың ата – анасын немесе заңды өкілдерін мемлекеттік мекеменің жарғысымен,білім беру әрекетіне құқық лицензиясымен және басқа да қабылдау тәртібімен, оқу – тәрбие үрдісін регламенттейтін құжаттармен таныстыруға міндетті. Құрылтайшы мемлекеттік білім беру мекемесіне мектепке дейінгі және жалпы бастауыш білім жасындағыларды қабылдаудың тәртібін бекітіп, психологтар мен дәрігерлердің қатысуымен қабылдау комиссиясын құрады.

5.2. Мектептің оқу – тәрбие әрекеті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

5.3. Мектеп нысанасын, оқушыларды аттестаттаудың аралық кезеңдерін және тәртібін таңдауда ерікті.

5.4. Мектептегі тәртіп тәрбиеленушілердің, оқушылардың, педагогтардың адамдық абыройын өзара сыйласу, құрметтеу негізінде құрылады.

5.5. Кәмелетке толмағандардың ата – аналары және басқа да заңды өкілдері білім беру үрдісінің мазмұны мен оның жүргізілу барысымен сонымен қатар оқушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

5.6. Мектептің тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдық бөлігі болып табылады және патриоттық, азаматтық, интернационалистік, жоғары мораль және адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылардың жан – жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған бағдарлама болып табылады.

5.7. Мектеп нәсілге, ұлтшылдық, діншілдік, әлеуметтік талас - тартыстарға байланысты үгіт - насихаттар жүргізуге, халықаралық құқық пен гуманизмнің ортақ танылған ұстанымдарына қайшы келетін милитаристік және басқа да пікірлерді таратуға тыйым салынады. Мекемедегі тәрбие бағдарламалары Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың және халықтардың ұлттық – мәдени, халықтық мәдениетінің элементтерін толықтырылады.

5.8. Мектептегі оқыту 3(үш) сатыдан тұрады:

1- саты- бастауыш (1 – 4 – сыныптар) оқу әрекетінің негізгі білімдері мен машықтарын, теориялық ойлау элементтерін, мәдениетті сөйлеу мен тәртібін, оқу әрекетін өзіндік бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жеке қабілеттері мен баланың даму сатысын анықтауға бағытталады;

2 – саты негізгі (5 - 9 сыныптар) оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу шарттарын, бейімділігі, қабілеті мен қызығушылығы, өзін – өзі танып білу талаптарын

қамтамасыз ету;

3 – саты (10-11сыныптар) білім алушылардың тұрақты, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын, оқытудың дифференциялдығы негізінде оқу әрекетінің өзіндік машықтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім беретін мектептердегі бұл сатыда оқушылардың кәсіпқойлық бағдарын және қабілетін, қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік оқыту және таңдау бойынша оқыту жүзеге асырылады. Көрсетілген сатыларда мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта (толық) білім беру жүргізіледі. Әрбір сатының білім беру бағдарламалары сабақтас болып келеді, әрбір келесі бағдарлама алдыңғысына негізделіп отырады.

5.9. Оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мектеп мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуді және дамытуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес орыс тілін және шетел тілдерінің біреуін оқытады.

5.10. Оқушылардың келісім шарты артынша бұзып, қаланың, облыстың, республиканың өз сыныбына сәйкес басқа оқу орындарындағы сыныпқа ауысуына құқықтары сақталады.

5.11. Педагог қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемелері мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін бекітілген нормативтерге сәйкес белгіленеді.

5.12. Мектептегі білім беру үрдісін ұйымдастыру сабақ кестесімен регламенттеледі. Мектеп аптасына 6 жұмыс күні және 1 демалыс күні тәртібімен жұмыс жасайды.

Сабақтардың тәртібі заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі.

Академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

Сабақ кестесінде білім алушылардың тамақтануына үзіліс уақыты қарастырылады. Оқу жоспарындағы арнайы жеке пәндерді оқытуға бөлінген сағаттар саны мемлекеттік оқу жоспарында бөлінген сағат санынан төмен болмауы керек.

5.13. Оқудың түрі: іштей

Сыныптағы білім алушылар саны 5 – тен 25 – ке дейін.

Қазақ тілін, орыс, шет тілдерін, информатика және есептегіш техника, кәсіптік пәндері бойынша сабақтарды және зертханалық дәрісттерді жүргіу кезінде сыныптар екі топқа бөлінеді.

Мектеп директоры қажетті қаржы болған жағдайда, оқытудың сапалылығын арттыру мақсатында басқа да пәндерді оқыту кезеңінде сыныптарды топтамаларға бөлу туралы шешім қабылдай алады.

5.14. Оқу жылындағы басталуы мен аяқталуын және демалыс күндерінің ұзықтығын білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқару ұйымдары белгілейді.

5.15. Жылдық күнтізбелік кесте мектептің педогогикалық кеңесінің келісімі бойынша

мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі .

5.16. Білім алушылардың үлгерімін ағымды бақылауды мектептің педогогикалық

қызметкері 5 балдық жүйемен жүзеге асырады. Бағалар сынып журналына және білім алушының күнделігіне қойылады.

Аралық бақылау қорытындысының бағалары балдық жүйемен тоқсанға қойылады. Оқу жылының соңында қорытынды жылдық бағалар қойылады.

5.17. Білім алушының өзі, ата аналары ( басқа да заңды өкілдері ) жылдық бағамен келіспеген жағдайда мектеп директоры құрған коммисияға сол пән бойынша емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі .

5.18. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің оқушыларды аралық

және қортынды аттесттаудың тәртібін мектептің педагогикалық кеңесі әзірлейді және

білім бөлімімен бекітеді

5.19. Оқуды аяқтамаған білім алушыларға тиісті үлгідегі анықтама беріледі.

5.20. Мектепте оның ұстаздарынан, ата- аналарынан , мектеп бірлесе қызмет ететін ұйымдардың, қоғамның өкілдерінен және оқушылардың заңды өкілдерінен тұратын өзін – өзі басқару ұйымы – Мектеп кеңесі жұмыс істейді. Мектеп кеңесінің мерзімі 1жыл. Мектеп кеңесі :

- мектеп ережесін , оған енетін өзгерістерді , Ережесінің жаңа редакциясын қабылдайды :

- негізгі өдірісітік шаруашылық әрекетінің даму жолдарын анықтайды:

- оқушының киім үлгісін, қажеттілігін және түрін белгілейді:

- қызметіне сәйкес келмейтін тұлғаларымен еңбек шартын (мәміле) бұзуға ұсыныс білдіреді:

- мектептің педогоикалық қызметкерлерің аттесттаудан өткізеді және соның негізінде білім берудің жергілікті басқару органдары жанындағы біліктілік коммисиясына мектептің педогоикалық қызметкерлерінің санаттарын көтеру туралы ұсыныс енгізіеді:

- педогогикалық қызметкерді біліктілігін курстарына, өтілденуге жіберіп отырады:

- педогогикалық қызметкерлер мен мектептің басқа да жұмысшыларын ынталандыру түрлеріне ұсынады:

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуды дамыту және жетілдіру жөніндегі қоғамдық бастамаларға, ұстаздардың шығармашылық ізденістеріне , сынақ – сараптама жұмыстарына қолдау көрсетеді:

- оқушылардың тәрбиеленушілердің жан - жақты дамуын және ұстаздардың шығармашылық әрекетін қамтаматыз ету мақсатында мектептің өндірістік ұйымдармен, ерікті қоғамдармен басқада мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесе әрекет

ету жолдарын анықтайды:

- жеке мұғалімдердің, директордың және мектеп директоры орынбасарларының жұмыстары туралы есептерін тыңдайды;

- білім алушылардың тәртібі туралы ережені, марапаттау және тәртіптік шара туралы ережені бекітеді.

- Оқушылардың мектептен шығуы жайында шешім қабылдайды.

5.21. Мектеп кеңесінің барлық шешімдері уақытысында жұмысшыларға, қызметкерлерге ,

білім алушыларға, ата – аналарға және басқа заңды тұлғаларға жеткізіледі.

5.22. Мектеп кеңесі қажет болуына қарай жиналады. Мектеп кеңесінің мүшелері қоғамдық басталуларға сәйкес өз міндеттерін орындайды.

Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда отыры сөткен болып саналады.

Шешім отырыста қатысушылар санының білікті басым көпшілігінің дауыс саны арқылы

қабылданады.

5.23. Мектептің оқу - тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы педогогикалық қызметкерлері кіреді, олардың ішінен төраға сайланады.

5.24. Педагогикалық кеңес оқу бағдарламаларының ( оқу жоспарының, бағдарларының, оқулықтарының тағыда басқа ) әртүрлі нұсқауларын, оқу - тәрбие үрдісінің тәсілін,

түрін және оларды іске асыру жолдарына таңдау жүргізеді және талқылайды,

педогоикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру және кәсіптік қызметін дамыту

жұмыстарын ұйымдастырады.

5.25. Педогоикалық кеңес өкілеттілігінің мерзімі 1 жыл. Оның отырыстары қажеттілік

туған жағдайда өткізіледі.Отырыс Педагогикалық кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса өткен болып саналады. Педагогикалық кеңестің шешімі дауыс басымдығымен қабылданады.

5.26. Мектепте Ата – аналар комитеті жұмыс істейді. Ата – аналар комитетінің сандық құрамы сынып комплектілерінің саны арқылы анықталады . Ата – аналар комитеті өкілеттік мерзімі – 1 оқу жылы.

5.27. Мектептің Ата – аналар комитетінің жұмыс тәртібі мен құзыры Мектеп кеңесі бекіткен Ата – аналар комитеті туралы ереже арқылы анықталады.

 

6. Білім беру процесі субьектілерінің құқықтары мен міндеттері

 

6.1. Мектептің білім алушылыары мен тәрбиеленушілері құқылы:

- мемлеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес білім алуға:

- мектеп кеңесінің шешімен жеделдетілген оқу бағдарламалары, жеке оқу жоспарлары бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты пәнінде оқуға:

- өзінің бейіміне сәйкес қосымша білім қызметтерін алу оқу жоспарына сәйкес балама курстарды таңдауға:

- мектепті басқаруға қатысуға

- мемлекеттік оқу орнынан мемлекеттік емес оқу орнына, бір оқу мекемесінен басқа оқу

мекемесіне ауысуға және қайта алынуға:

- білім беру шартымен анықталған тәртіп бойынша мектеп кітапханасының ақпараттық

ресурстарын пайдалануға және оқулықтармен қамтаматсыз етілуге:

- өзінің нанымы мен пікірін ерікті түрде білдіруіне:

- өз басының адамдық қасиетін құрметтеуге :

- оқуда және шығармашылық әрекеттерінде жетістіктері үшін марапатталуына, сыйақы

алуына:

- жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қоғамдық көліктерде (таксиден басқа)

жүруде жеңілдіктер пайдалануға :

6.2. Білім алушылармен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының көлемінде білім, білік алуға, тәжірибелік дағдыны игеруге, оқу жоспарында және оқу бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға, ұлттық жалпы адамзаттық, рухани құндылықтарды

құрметтеуге, ішкі тәртіп ережелері сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және мектептің Жарғысында белгіленген басқада талаптарды орындауға міндетті .

6.3. Білім алушылар мен тәрбиелеушілер өздерінің денсаулығын сақтауға, рухани және физикалық тұрғыда өзін- өзі жан – жақты жетілдіруге міндетті.

6.4 Кәмілетке толмаған балалардың ата- аналарның және басқа заңды өкілдердерінің құқықтары:

- баланың жеке ерекшілігін, бейімділігін , қалауын ескере отырып, білім беру ұйымын таңдау :

- ата –аналар комитеті арқылы мектепті басқару оргондарының жұмысына қатысу:

- мекемеде өз балаларының оқу үлгермі мен тәртібі оқу талаптары туралы ақпараттар

алу:

- өз баларын оқытумен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологикалық - медициналық –педагогикалық консультатцияларда кеңестік көмек алу :

6.5. Ата –аналар және басқада заңды өкілер міндетті:

- балалардың өмір сүруімен оқуына, денсаулығына қолайлы жағдай жасау, олардың ақыл- ойының және физикалық күшінің дамуын, мінездік қалыптасуын қамтаматсыз ету:

- алты жастағы баланың мектепке дейінгі дайындығын қамтамасыз ету, алты ( жеті)

жастан жалпы білім беретін мектепке беру:

- білім беру ұйымдарымен бірлесе әрекет ету :

- балалардың мектепке баруын қамтамасыз ету :

6.6. Мектеп қызметкерлерінің құқығымен міндеттері осы Ережемен, ішкі тәртіп ережелерімен лауазымдық нұсқауларымен белгіленеді:

6.7. Мектептің педагогикалық қызметкерлері педагогикалық іс әрекеттерді жүзеге асырушы тұлғалар болып табылады . Педагогикалық қызметкерлердің және оларға

теңестірілген тұлғалардың лауазымдар тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі

белгілейді :

6.8. Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары :

- кәсіби әрекеті үшін талаптарды қамтамасыз ету:

- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды сақтау талабымен педагогикалық іс – әрекеттерді ұйымдастыру түрін, әдістерін еркін таңдау :

- ғылыми зерттеу тақырыптарын және олардың нәтижелелерін педагогикалық тәжірибе пайдалану түрін таңдау еркіндігі :

- мектептің басқару оргондарын жұмысына қатысу:

- құрылтайшының есебінен бес жылда бір рет жұмысын тоқтатып, мекеме қаражаты есебінен өзінің біліктілігін көтеру:

- санатын көтеру, қызметін өсіру мақсатында уақытынан бұрын атестатталу :

- жалпы орта білім беру мектептерінің педагогикалық қызметкерлеріне тиісті ұзақтығы

56 күнтізбелік ақылы демалыс алу:

- өзінің кәсіби абыройын, арын қорғау;

- мектеп директорының бұйрығымен өкімдеріне шағымдану;

- педагогикалық әрекеттіңдегі жетістіктері үшін материалдық және моральдік тұрғыда

марапатталу ;

6.9. Мектептің педагогикалық қызметкерлері міндетті:

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің абыройын құрметтеуге;

- салауатты өмір салтын сақтау, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арасында салауатты өмір салты туралы үгіт насихаттар жүргізу :

 

6.10. Қызметкерлермен мектеп арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен немесе

еңбек туралы заңнамаға қайшы келмейтін мәмілемен реттелінеді .

Мектеп қызметкерлерін еңбек ақы төлемдерін мектеп құрылтайшысы белгілейді. Мектептің ережесінде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін

қызметті жүзеге асыруға, сондай – ақ мәмілелер жасуға тиым салынады.

6.11. Мектептің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не

басшының жарғылық құзыретін бұза асырып, жасалған мәміле тиісті саланың

уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органының ) немесе мемлекеттік мүлік

жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп

танылуы мүмкін.

6.12. Мектептің басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге

асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік

және материалдық жауапкершілікке әкеледі, бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметтіжүзеге асыруға, сондай – ақ мәмілелер жасауға

тыйым салынады.

 

7. Мектепті басқару

 

7.1. Мектепті жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Ақсу әкімдігі жүзеге асырады.

7.2. Әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады.

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді ;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады,

4) мемлекеттік мекеме жарғысын ( ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар

енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен толықтырулар енгізеді,

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды,

7) мемлекеттік оргондар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы шекті штаттық санын бекітеді

8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады,

9) жылдық қаржы есебінен бекітеді

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілеттті органга, мемлекетік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді ,

11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді,

12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады,

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады,

7.3. Мектептің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда , мектепті басқару жөніндегі уәкілетті органы құрылтайшысының келісімі бойынша қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

7.4. Мектептің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекетік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің ережесінде айқындалатын өз құзретіне сәйкес дербес көшеді.

7.5. Мектептің басшысы дара басшылық қағидатыбойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеменің ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес көшеді.

7.6. Қызметті жүзеге асыруы барысында мектеп басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.

1) мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді,

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне , Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбарарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да функцияларды жүзеге асырады.

11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

7.7. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 22.09.209 жылғы №793 Жарлығы

7.8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44- бабының 9 – тармағына сәйкес білім беру ұйымының алқасы басқару нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса , жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім берй ұйымының кеңесі( ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес , педагогтік , әдістемелік (оқу – әдістемелік , ғылыми – әдістемелік) кеңестер болып табылады.

 

8. Мектепке дейінгі шағын орталықтың қызметін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі шағын орталық балаларды жан – жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда , балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата – аналарына әдістемелік кеңес қолдау мақсатында құрылады.

Мектепке дейінгі шағын орталық жастары шамалас мынадай топтарды толықтыру белгіленеді:

Үш жастан жоғары және олардан жасы үлкен – 25 тәрбиеленушіден артық емес.

Мектепке дейінгі шағын орталық 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды дамыту түріне арналған.

 

Мектепке дейінгі шағын орталықтардың негізгі міндеттері:

- Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету.

- Әрбір баланың жеке ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, балалардың ақыл

ой, адамгершілік, дене бітімі , эстетикалық , эмоциялық танымдық қаблеттерін дамыту;

- Балалардың денсаулығын сақтау;

- Балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу,

- Ата – аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру болып табылады.

Мектепке дейінгі шағын орталықтардағы білім беру процесін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірлетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларын\мен айқындалады және регламенттеледі.

 

Мектепке дейінгі шағын орталыққа қабылдау, ауыстыру , шығару тәртібі.

- Мектепке дейінгі шағын орталықтарға балаларды қабылдау және шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережесінің (бұдан әрі -Үлгілік ереже) негізінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі шағын орталық пен ата – аналардың қатынасын шартпен рәсімделеді.

Қабылданар алдында төмендегі құжаттарды өткізуге тиісті:

1. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі .

2. дәрігерлік анықтама

3. ата –ана өтініші

4 . тұратын орнынан анықтама

5. 3Х4 сурет

6. келісім шарт

7. файл

- Мектепке дейінгі шағын орталықтар ыңғайлы режим бойынша аптасына 2 күннен 7 күнге дейін, таңертең, сондай – ақ түстен кейін 2 сағаттан 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады.Мектепке дейінгі шағын орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, үлгілік Ережені, сондай – ақ басқа да нормативтік – құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

Мектепке дейінгі шағын орталықтың білім беру процесін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және регламенттеледі.

 

Мектепке дейінгі шағын орталықтың оқу – тәрбие процесі балалар үшін ерекше болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай – ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып олардың әр түрлі кіші топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.

 

Мектепке дейінгі шағын орталықтың қызметкерлері мектепке дейінгі шағын орталықтардың оқу – тәрбие процесі кезінде балалардың денсаулықтарын және өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.

 

 

9. Мүлкінің құрылу тәртібі

9.1. Мектептің мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік( ақшалай кірістерді қоса алғанда );

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

9.2. Мектеп дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлікпен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

9.3. Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленіп, жергілікті атқарушы органы бюджетінен қаржыландырады.

9.4. Мектеп бухгалтерлік есеп жүргізедіжәне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

9.5. Мектептің қаржылық – шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

 

10. Жұмыс тәртібі

10.1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

11. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

11.1.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының ( жергілікті атқарушы органының ) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

11.2. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

12. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп ұжымы
28 апрель 2017 Мектеп тарихы