Жетістіктеріміз » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық "Дарын" ғылыми жоба байқауының жеңімпазы
29
май
2023
Республикалық "Дарын" ғылыми жоба байқауының жеңімпазы
Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрарбек Рамазан 2022 жылы аудандық  "Дарын" ғылыми жоба байқауынан қазақ тілі секциясы бойынша 1 -орын алып, облыстық "Дарын" ғылыми жоба байқауынан 2-орын, Республикалық байқауда 3-орын иегері атанды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Айнұр Егеубековна.
Адал ұрпақ
10
ноябрь
2022
Адал ұрпақ
10-қараша күні өткізілген Аудандық "Адал ұрпақ"еріктілер клубы байқауында Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебінің "Әділдік" тобы шығармашыл,жаңашыл наминациясына ие 
Кәсіби байқау
14
март
2022
Кәсіби байқау
Жалпы білім беретін мектептердегі химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған аудандық "Үздік химия-биология пәні мұғалімі" (сырттай) байқауында  1 орынды Бекбаева Толқын Тынысбайқызы иеленді.
"Әбіш оқулары"
07
декабрь
2021
"Әбіш оқулары"
Аудандық "Әбіш оқулары" байқауында 10-сынып оқушысы Текесбай сандуғаш  "Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы" бағытында жүлделі 1-орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрысбаева Мөлдір Бекболатқызы 
5-6 сынып оқушыларының арасында өткен аудандық пән олимпиадасы
26
ноябрь
2021
5-6 сынып оқушыларының арасында өткен аудандық пән олимпиадасы
2021 жылдың 26 қараша күні  жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының арасында өткен аудандық пән олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6 сынып оқушысы Өмірсерік Сандуғаш қатысып,жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі - Нурбекова Ляззат Бекмухамбетовна. Ағылшын тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысы Үйсінбай Інжу ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі - Қозыбағарова Назгүл Тұрдығалиқызы.
40 жылдық кездесу мерекесіне орай
20
октябрь
2021
40 жылдық кездесу мерекесіне орай
Мектебіміздің 1981 жылғы түлектері өздері оқып, білім алған қара шаңырақ , білім ордасына 40 жылдық кездесу мерекесіне орай өз сыйларын тарту етуге келді. "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын"- деген халық мақалында көрсеткендей, өздерінен кейінгі ұрпаққа естелік сый болсын деп мектеп жанына 15 түп алма ағашын, 40 түп роза гүлінің көшеттерін отырғызып кетті. Жас ұрпаққа үлгі боларлық істеріне 1964 жылы туылған, 40 жылдық кездесу иелеріне, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жасаған әрбір
Аудандық жас маман байқауы
11
октябрь
2021
Аудандық жас маман байқауы
11 қазан күні аудандық жас мамандарға (қашықтықтан) арналған "Дарынды балаларға -дарынды ұстаз" атты педагогикалық олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға өзін-өзітану пәні мұғалімі Шайыкова Гаухар Қабылбекқызы ие болды.
Білім бөлімі басшысының "Құрмет грамотасы" марапаты
01
октябрь
2021
Білім бөлімі басшысының "Құрмет грамотасы" марапаты
Егеменді еліміздің жеткіншек ұрпағын кәсіби біліктілігі мен іскерлігін ұштастыра отырып, заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға зор үлесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрысбаева Мөлдір Бекболатқызы Білім бөлімі басшысының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
Ұстаздар күніне орай аудандық марапат
01
октябрь
2021
Ұстаздар күніне орай аудандық марапат
Білім саласына сіңірген еңбегі және өскелең ұрпақтарды тәрбиелеу ісінде қол жеткізгенжетістігі үшін педагог-сарапшы санатты мұғалімі Иманғалиева Алмагүл Советбекқызы Ақсу ауданы әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
«Тәуелсіздік ұландары»
14
июнь
2021
«Тәуелсіздік ұландары»
Ақсу ауданының білім бөлімінің бұйрығына сай Алматы облысы  Ақсу ауданы Қаракөз ауылында Б.Садырбайұлы атындағы  орта мектебінде 14 маусым күні  2020- 2021 –ші оқу  жылының түлектерініне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты  салтанатты жиын болды.                        Сағат   10.00–салтанатты жиын басталды.   Жиын мектептің алдында ашық алаңында  барлық гигиеналық талаптарды сақтай отырып  өтті. Алаң  гүлдер, шарлармен безендірілген.   Жүргізуші салтанатты жиынды ашық деп жариялап,  Қазақстан