Мектеп тарихы » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2017

Мектеп тарихы


 


 


 

 

 

Қаракөз ауылындағы білім ошағы – Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебінің тарихы

     Әрбір қазақ  баласының жүрегінде жатталған бойтұмардай ұғым бар. Ол – ауыл.     

               «Бір әңгіме қозғашы - ауыл жайлы ,

               Одан артық әңгіме табылмайды», - 

деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай ауыл жайлы әңгіме – ерекше тебіреніске толы әңгіме. Ауыл деген – ұлы ғұламалар мен ғалымдарды, өнер иелерін, ақын – жазушыларды дүниеге әкелген, қазақтың қаймағы  сақталған нағыз бет-бейнесі. Ал мектеп – сол дарынды тұлғалардың білім алуына, дарынды тұлға болуын қалыптастырушы білім ошағы.

    «Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы болады»,-дейді дана халық. Білім саласында игілікті істерімен көзге түсіп, еліміздің ынтымағы мен береке-бірлігінің үлгісі болып, парасатты  халқының келешегін ойлаған, Қаракөз ауыл тұрғыны, Садырбайұлы Бижарас 1928 жылы    шіркеуді бұздырып, орнына 3 бөлмелі мектеп салдырды. Өзі сол кездегі қазақтың оқыған санаулы азаматтарының бірі және бірегейі Барлыбек Сырттановтың күйеу баласы болған. Сол кісінің көмегімен мектепке қажетті оқу құралдарын жеткізген. Салдырған мектебі ел аузында «Бижарас мектебі» деп аталды. Сол кездерде ең алғашқы мектеп мұғалімдері Н.Жақсылықов пен А.Райсов деген азаматтар еді. 1932 жылдан бастап бұл мектеп Қаракөз ауылындағы ұжымның атымен бірге «Қызылорақ бастауыш мектебі» аталды. Мектеп 1939 жылы -7, 1955 жылы – 8, 1966 жылы – 11 жылдық орта мектеп болды. 1977 жылы жаңа үлгідегі 2 қабатты  ғимаратқа көшті. Әр жылдары «Қызылорақ» орта  мектебін басқарған азаматтар:

Қ.Ахметов -1953-1956ж

 Қ.Аханов -1956-1959ж

О.Адамбеков – 1959-1961ж

Е.Тұрсынбеков- 1961-1968

Т.Омаров – 1968-1970

С.Айманбетов- 1970-1971

Н.Қалиолдин – 1971-1975

Р.Медетбеков – 1975-1982

Г.Жөнкебаева – 1982-1985

М.Фазылжанов – 1985-1986

Б.Каипов – 1986-1988

С.Байғазина – 1988-1992

Б.Бейсебаев – 1992-2002

М.Үсенов-2002-2005

А.Кенжебаев – 2005-2008

 

 



  Тұрсынбеков Ерғабыл (1922-1989) Білімі жоғары .Қазақ педагогика институтын бітірген.Ұлы Отан соғысының ардагері. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі».(1961-1968ж.ж.)

 

 



  Омаров Тұрсынғали 1933ж.т. Білімі жоғары. Абай ат. Қазақ педагогика институтын бітірген. 1970-1976 жылдары Қапал аудандық білім бөлімінің бастығы. КСРО және Қазақ ССР Білім министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. Ақсу ауданының құрметті азаматы. "Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі"  (1968-1970)

 



 


  

   Айманбетов Сауытқали Машкенұлы (1919-1989). Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген медальдар мен ордендердің иегері. "Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі", "Еңбек ардагері"   (1970-1971)

 

 


     Қалиолдин Нәби Атабайұлы  1931 ж.т. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының жаратылыстану факультетінің география бөлімін бітірген. "Қазақ ССР. «Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі» (1971-1975)
 


 

   Медетбеков  Рақымжан (1938-2007) Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының жаратылыстану факультетінің биология бөлімін бітірген. "Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі" (1975-1982)

 

 



   Жөнкебаева Күлинұр Темірғалиқызы 1952 ж.т. Білімі жоғары. 1973 жылы  Қазақ  қыздар педагогика институтының жаратылыстану факультетінің география-биология  бөлімін бітірген. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». «ҚР  Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.  (1982-1985)

 

 


 

  Фазылжанов Мұрат  Фазылжанұлы 1949 ж.т. Білімі жоғары. Абай ат. Қазақ педагогика институтының  тарих факультетін бітірген. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». (1985-1986)

 


 

  Каипов Бидахмет  1956ж.т. 1980 жылы Қызылорда ПИ-ін бітірген. Мамандығы математика пәнінің мұғалімі. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». (1986-1988)

 


  Байғазина Салима Бердіқұлқызы 1944 ж.т.  Білімі жоғары. Алматы Шет тілдер   институтының неміс тілі  факультетін бітірген.  Қызылорақ орта мектебінде 25 жыл  еңбек еткен. «Қаз ССР мұғалім –әдіскер» атағының, Алматы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамоталарының иегері. (1988-1992)

 


  Бейсебаев Бақытжан Нұрақымұлы 1959ж.т. Білімі жоғары . Қазақ  Мемлекеттік педагогика Университетінің  тарих факультетін бітірген. (1992-2002)


  Үсенов Марат Құрмансеитұлы 1954ж.т. Семей педагогикалық инситутын бітірген.

(2002-2005)

 



  Кенжебаев  Айбек Егеубекұлы .1981 ж.т. 2002 жылы І.Жансүгіров ат. Жетісу МУ-ін, 2009 жылы Ө.Жолдасбеков ат. Институтын бітірген.(2005-2008) директор қызметін атқарды.

 

  25 жыл болған Тәуелсіздігіміздің еркіндігі бізді әлі талай жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз. Ардақты ұстаздардан тәлім алған шәкірттердің - Отанымызды, яғни Қазақстанды «Мәңгілік ел» етуге ұмтылдырары айқын. 

 

Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп ұжымы
29 апрель 2017 Әкімшілік ұжымы