14
июнь
2021
«Тәуелсіздік ұландары»
Ақсу ауданының білім бөлімінің бұйрығына сай Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылында Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебінде 14 маусым күні 2020- 2021 –ші оқу жылының түлектерініне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиын болды. Сағат 10.00–салтанатты жиын басталды. Жиын мектептің алдында ашық алаңында барлық гигиеналық талаптарды сақтай отырып өтті. Алаң гүлдер, шарлармен безендірілген. Жүргізуші салтанатты жиынды ашық деп жариялап, Қазақстан Республикасының гимны орындалды. Алғашқы сөзді мектеп директоры Қыдырмолдина Әсем Ізтілеуқызы алып, ҰБТ қорытындысы мен мектептің жетістіктеріне тоқталып өтті. Жас түлектерге ақ жол тіледі.
Орта мектеп бітіру туралы бұйрықпен таныстыру үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Нұрбекова Ләзәт Бекмұханбетқызына беріліп салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі болды.
Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін жас түлектерді құттықтауларға берілді.
Жиынның екінші кезеңі «Түлектер аллеясын» ашу салтанатымен жалғасын тапты. Мектеп бітіру іс шараларын өткізу кезінде түлектердің өмірі мен денсаулығына жауапты тұлғалар бекітіліп, қоғамдық тәртіп ережелерінің сақталуына басты назар аударылды.