Ата-ана құқығы мен міндеттері » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ана құқығы мен міндеттері
02
сентябрь
2021

Ата-ана құқығы мен міндеттері

Ата-ана құқығы мен міндеттері


 
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда мектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқы туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анық көрсетілген.
 Атап айтар болсақ, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңының 11- тарауының «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі» деп аталатын 68- бабында ата-аналардың балаларының алдында тең құқылы, яғни отбасының еріне немесе әйеліне ерекше бір артықшылық т.б берілмейтіні баяндалады. Сондай-ақ, бұл ата-ана құқықтары балалары 18 жасқа толғанда немесе кәмелетке толмай жатып некеде тұрмаған ата-аналарда бала туылған жағдайда, олар 16 жасқа толғанда ғана ата-ана құқықтарын өз беттерінше жүзеге асыра алады. Ал ата-аналар 16 жасқа толғанға дейін олардың балаларына қамқоршы тағайындалады, ол өз кезегінде ата-аналармен бірге баланы тәрбиелеуді жүзеге асырады.

62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
 1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
 2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. 
 Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. 
 Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
 3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 
 Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
 4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
 63-бап. Балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттері
 1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
 2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив