Әдістемелік жұмыстар » Страница 3 » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әдістемелік күн
22
декабрь
2021
Әдістемелік күн
2021-2022 оқу жылының 22 желтоқсан күні   "kahoot", "quizizz" бағдарламалары арқылы тест құрастыру жолын педагогтерге информатика пәні мұғалімі Қозыбағарова Назгүл Тұрдығалиқызы көрсетті. Сайтпен жұмыс жасап, тест құрастыру жолдары пән мұғалімдеріне үлкен әдістемелік көмек болды.
"Гуманитарлық пән бірлестігі" апталығы"Старших надо уважать, малышей не обижать" тақырыбына ашық сабақ
22
октябрь
2021
"Гуманитарлық пән бірлестігі" апталығы"Старших надо уважать, малышей
22 қазан күні орыс тілі пәні мұғалімі Сейсенбекова Жамила Аскерханқызы 3 сынып оқушыларымен "Старших надо уважать, малышей не обижать" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар үлкенге құрмет етуге, кішіге ізет көрсету керектігін түсінді. Топтық жұмыс жасау арқылы мәтінді рөльдерге бөліп оқыды. Өз ойларын мұғалімнің қойған сұрақтары арқылы бөлісті. Сабақ оқушыларға қызықты өтті.
"Ы. Алтынсарин-ұлы тұлға"
21
октябрь
2021
"Ы. Алтынсарин-ұлы тұлға"
21 қазан күні қазақ тілі пәні мұғалімі, 9-сынып жетекшісі Нұрбекова Ләззат Бекмұхамбетқызы өз сыныбымен "Ы. Алтынсарин-ұлы тұлға" тақырыбына тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар Ы.Алтынсариннің өміріне шолу жасады, шығармаларына, өлеңдеріне талдау жасады. Ы.Алтынсарин шығармаларын оқу арқылы оқушылар ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленді.
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Британдақ кітапхана"
19
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Британдақ кітапхана"
19 қазан күні қазақ тілі пәні мұғалімі Тұрысбаева Мөлдір Бекболатқызы  10-сынып оқушыларымен "Британдақ кітапхана" тақырыбына ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар британдық кітапханаға саяхат жасау арқылы қызықты ақпараттар алды, мәтінмен жұмыс жасау арқылы негізгі және жанама ақпаратты ажырата алды.
"Әдебиет сабағында оқу мақсатына сай тапсырмалар құрастыру жолдары"
19
октябрь
2021
"Әдебиет сабағында оқу мақсатына сай тапсырмалар құрастыру жолдары"
19 қазан күні мектеп үйлестірушісі Кенжебаева А.Е бастауыш сынып, тіл мамандары, жас мамандармен "Әдебиет сабағында оқу мақсатына сай тапсырмалар құрастыру жолдары" тақырыбына коучинг өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер, жас мамандар оқу мақстанына сай тапсырмалар құрастыруға бағыталған тапсырмалар жасады, жас мамандар іс-тәжірибе алмасты.
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Wonder field"
18
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Wonder field"
18 қазан күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Қозыбағарова Назгүл Тұрдығалиқызы  7-сынып оқушыларымен "Wonder field" тақырыбына intellektual show өткізді. Шоу 7 турдан болды. Әр турда оқушылар әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасады, оқушыларға логикалық тапсырманы орындаған өте  қызықты болды. Сайыс соңында мәнерлеп өлең жолдарын жатқа айтып шықты. Жоғары ұпай жинап 1 орын алған топ мақтау грамотасымен марапатталды.
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Природа-открытая книга"
15
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі апталығы "Природа-открытая книга"
15 қазан күні орыс тілі пәні мұғалімі Оразкулова Индира Несіпбайқызы   9 сынып оқушыларымен "Природа-открытая книга" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар күрделі сөйлемнің жасалуы мен тыныс белгілерін дұрыс қоюға тапсырмалар жасады. Мәтінмен жұмыс болды. Жұптық жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытты.
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі
14
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі
14 қазан күні қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрбекова Л.Б 7 сынып оқушыларымен "Денсаулық және қоршаған орта" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар адамның денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттер жиынтығы туралы ақпарат алды. Факт пен көзқарасты ажыратуға тапсырмалар жасады. Сабақ өте қызықты өтті
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі  "Жас тарихшылар"
13
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі "Жас тарихшылар"
13 қазан күні тарих пәні мұғалімі Куртибаева Гүлфайрус Айтқалиқызы 7-8 сынып оқушыларымен "Жас тарихшылар" интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс тартысты өтті. 7-8 сынын оқушылары тарих пәнінен өткенді естеріне түсіріп, білімдерін молайтты.
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі "Би Темірге бірінші толғауы"
12
октябрь
2021
Гуманитарлық пән бірлестігі онкүндігі "Би Темірге бірінші толғауы"
12 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кенжебаева Айнур Егеубековна 8 сынып оқушыларымен Шалкиіз жырау"Би Темірге бірінші толғауы" тақырыбына әдебиет сабағынан ашық сбақ өтті. Сабақ барысында оқушылар жырауды оқи отырып, талдау жасады. Сабақ барысында жекелей, жұптық жұмыстар болды.