Қазақстан халқының тілдері күні А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 5-13 қыркүйек аралығында өткізілетін онкүндік іс-шара » Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан халқының тілдері күні А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 5-13 қыркүйек аралығында өткізілетін онкүндік іс-шара
13
сентябрь
2024

Қазақстан халқының тілдері күні А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 5-13 қыркүйек аралығында өткізілетін онкүндік іс-шара

2024-2025 оқу жылында  Қазақстан халқының тілдері күні 
А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 5-13 қыркүйек аралығында   өткен  онкүндік  қорытындысы
2024-2025 оқу жылында «Талапкер» қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің   жылдық жұмыс жоспарына сай  5 -13 қыркүйек аралығында  Қазақстан халқының тілдері күні А.Байтұрсыновтың туған күніне орай  10 күндік  өтті. Онкүндік барысында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды.
5 қыркүйек  күні   онкүндіктің ашылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары қазақ,орыс ,ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып,ән шырқады.5-11 сынып оқушыларына викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар 5 қыркүйек күні жалпы мектепішілік сауаттылық күні  болғандықтан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Б.Нұрбекова 3-11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымына  «Тұрар Рысқұлов-тарихи тұлға» тақырыбында диктан жаздырды.
6 қыркүйек  күні  10-11 сынып оқушылары «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында 3 тілде құттықтау репортажын жасап,әлеуметтік желіге жариялады.
9 қыркүйек күні мектеп кітапханасында «Оқуға  құштар ұрпақ»тақырыбында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу мақсатында кітаптар көрмесі  ұйымдастырылып,кітапханашы А.Аясханова 5 сынып оқушыларына көрмені таныстырдыы.
10 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Баяхметова 5-9 сынып оқушылары арасында «Ана тілім –ардақтым»мәнерлеп өлең оқу сайысын өткізді. Сайысқа 13 оқушы қатысып,көрнекті қаламгерлердің тіл туралы жазған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Нәтижесінде 1 орынды 7-сынып оқушысы Советбек Ақнұр,2 орынды 5-сынып оқушысы Талғат Амина мен 8-сынып оқушысы Өмірсерік Аяулым, 3 орынды 7-сынып оқушысы Алтыбай Кәусар, 8-сынып оқушысы Болатқызы Мөлдір,9-сынып оқушысы Құдайберген Арман иеленді.
11 қыркүйек күні  бастауыш сынып мұғалімдері 2-4 сынып оқушылары арасында «101 жұмбақ,1001 мақал» сайысын өткізді. Нәтижесінде  1 орынды Алтыбай Малика,2 орынды Досан Амина мен Сәбитұлы Сабыржан ,3 орынды Досан Фатима, Гүлди Айша, Өмірсерік Алинұр жеңіп алды.
12 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы А.Аясханова 10 «Ә» сынып оқушыларымен  «Ахмет-ұлт   ұстазы»  тақырыбында танымдық сағатын өткізді.
13 қыркүйек күні  орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері    И.Оразкулова мен Н.Қозыбағарова 7-8 сынып оқушыларымен «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» тақырыбында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысын өткізді.Нәтижесінде  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын 8-сынып оқушысы Әсембек Іңкәр жеңіп алды.Қалған қатысушы оқушыларға алғыс жарияланды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив