Тарихымыз - Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі DataLife Engine "Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат" https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/124-azastanny-krkt-zherlerne-sajahat.html https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/124-azastanny-krkt-zherlerne-sajahat.html Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі оқушыларымен бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.
Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен. 
Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.
Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.
Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Бейне-дәріске сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=9-2UHkyi-gI&feature=youtu.be

]]>
]]> admin Wed, 27 Jan 2021 16:21:30 +0600
сабақ кестесі https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/17-saba-kestes.html https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/17-saba-kestes.html Сабақ  кестесі
 
 

]]>
Сабақ  кестесі
 
 

]]>
admin Mon, 01 May 2017 23:34:35 +0600
Мектеп тарихы https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/7-mektep-tarihy.html https://sadyrbaiuly-aksu.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/7-mektep-tarihy.html Қаракөз ауылындағы білім ошағы – Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебінің тарихы

     Әрбір қазақ  баласының жүрегінде жатталған бойтұмардай ұғым бар. Ол – ауыл.     

               «Бір әңгіме қозғашы - ауыл жайлы ,

               Одан артық әңгіме табылмайды», - 

деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай ауыл жайлы әңгіме – ерекше тебіреніске толы әңгіме. Ауыл деген – ұлы ғұламалар мен ғалымдарды, өнер иелерін, ақын – жазушыларды дүниеге әкелген, қазақтың қаймағы  сақталған нағыз бет-бейнесі. Ал мектеп – сол дарынды тұлғалардың білім алуына, дарынды тұлға болуын қалыптастырушы білім ошағы.

    


]]>

 


 


 

 

 

Қаракөз ауылындағы білім ошағы – Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебінің тарихы

     Әрбір қазақ  баласының жүрегінде жатталған бойтұмардай ұғым бар. Ол – ауыл.     

               «Бір әңгіме қозғашы - ауыл жайлы ,

               Одан артық әңгіме табылмайды», - 

деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай ауыл жайлы әңгіме – ерекше тебіреніске толы әңгіме. Ауыл деген – ұлы ғұламалар мен ғалымдарды, өнер иелерін, ақын – жазушыларды дүниеге әкелген, қазақтың қаймағы  сақталған нағыз бет-бейнесі. Ал мектеп – сол дарынды тұлғалардың білім алуына, дарынды тұлға болуын қалыптастырушы білім ошағы.

    «Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы болады»,-дейді дана халық. Білім саласында игілікті істерімен көзге түсіп, еліміздің ынтымағы мен береке-бірлігінің үлгісі болып, парасатты  халқының келешегін ойлаған, Қаракөз ауыл тұрғыны, Садырбайұлы Бижарас 1928 жылы    шіркеуді бұздырып, орнына 3 бөлмелі мектеп салдырды. Өзі сол кездегі қазақтың оқыған санаулы азаматтарының бірі және бірегейі Барлыбек Сырттановтың күйеу баласы болған. Сол кісінің көмегімен мектепке қажетті оқу құралдарын жеткізген. Салдырған мектебі ел аузында «Бижарас мектебі» деп аталды. Сол кездерде ең алғашқы мектеп мұғалімдері Н.Жақсылықов пен А.Райсов деген азаматтар еді. 1932 жылдан бастап бұл мектеп Қаракөз ауылындағы ұжымның атымен бірге «Қызылорақ бастауыш мектебі» аталды. Мектеп 1939 жылы -7, 1955 жылы – 8, 1966 жылы – 11 жылдық орта мектеп болды. 1977 жылы жаңа үлгідегі 2 қабатты  ғимаратқа көшті. Әр жылдары «Қызылорақ» орта  мектебін басқарған азаматтар:

Қ.Ахметов -1953-1956ж

 Қ.Аханов -1956-1959ж

О.Адамбеков – 1959-1961ж

Е.Тұрсынбеков- 1961-1968

Т.Омаров – 1968-1970

С.Айманбетов- 1970-1971

Н.Қалиолдин – 1971-1975

Р.Медетбеков – 1975-1982

Г.Жөнкебаева – 1982-1985

М.Фазылжанов – 1985-1986

Б.Каипов – 1986-1988

С.Байғазина – 1988-1992

Б.Бейсебаев – 1992-2002

М.Үсенов-2002-2005

А.Кенжебаев – 2005-2008

 

 



  Тұрсынбеков Ерғабыл (1922-1989) Білімі жоғары .Қазақ педагогика институтын бітірген.Ұлы Отан соғысының ардагері. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі».(1961-1968ж.ж.)

 

 



  Омаров Тұрсынғали 1933ж.т. Білімі жоғары. Абай ат. Қазақ педагогика институтын бітірген. 1970-1976 жылдары Қапал аудандық білім бөлімінің бастығы. КСРО және Қазақ ССР Білім министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. Ақсу ауданының құрметті азаматы. "Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі"  (1968-1970)

 



 


  

   Айманбетов Сауытқали Машкенұлы (1919-1989). Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген медальдар мен ордендердің иегері. "Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі", "Еңбек ардагері"   (1970-1971)

 

 


     Қалиолдин Нәби Атабайұлы  1931 ж.т. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының жаратылыстану факультетінің география бөлімін бітірген. "Қазақ ССР. «Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі» (1971-1975)
 


 

   Медетбеков  Рақымжан (1938-2007) Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының жаратылыстану факультетінің биология бөлімін бітірген. "Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі" (1975-1982)

 

 



   Жөнкебаева Күлинұр Темірғалиқызы 1952 ж.т. Білімі жоғары. 1973 жылы  Қазақ  қыздар педагогика институтының жаратылыстану факультетінің география-биология  бөлімін бітірген. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». «ҚР  Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.  (1982-1985)

 

 


 

  Фазылжанов Мұрат  Фазылжанұлы 1949 ж.т. Білімі жоғары. Абай ат. Қазақ педагогика институтының  тарих факультетін бітірген. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». (1985-1986)

 


 

  Каипов Бидахмет  1956ж.т. 1980 жылы Қызылорда ПИ-ін бітірген. Мамандығы математика пәнінің мұғалімі. «ҚР білім беру  ісінің үздігі». (1986-1988)

 


  Байғазина Салима Бердіқұлқызы 1944 ж.т.  Білімі жоғары. Алматы Шет тілдер   институтының неміс тілі  факультетін бітірген.  Қызылорақ орта мектебінде 25 жыл  еңбек еткен. «Қаз ССР мұғалім –әдіскер» атағының, Алматы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамоталарының иегері. (1988-1992)

 


  Бейсебаев Бақытжан Нұрақымұлы 1959ж.т. Білімі жоғары . Қазақ  Мемлекеттік педагогика Университетінің  тарих факультетін бітірген. (1992-2002)


  Үсенов Марат Құрмансеитұлы 1954ж.т. Семей педагогикалық инситутын бітірген.

(2002-2005)

 



  Кенжебаев  Айбек Егеубекұлы .1981 ж.т. 2002 жылы І.Жансүгіров ат. Жетісу МУ-ін, 2009 жылы Ө.Жолдасбеков ат. Институтын бітірген.(2005-2008) директор қызметін атқарды.

 

  25 жыл болған Тәуелсіздігіміздің еркіндігі бізді әлі талай жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз. Ардақты ұстаздардан тәлім алған шәкірттердің - Отанымызды, яғни Қазақстанды «Мәңгілік ел» етуге ұмтылдырары айқын. 

 

]]>
admin Fri, 28 Apr 2017 23:50:10 +0600