15
сентябрь
2022
"Отбасы - алтын діңгек"
Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі 2 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында ата- аналар жиналысы өтті.Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушысы - отбасы.Бала тәрбиесіндегі мүмкіншіліктерінің жоғары екенін, баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу ,баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білу маңызды екенін айту.
Жиналыс барысында ата -аналарға оқушылардың жазған ,,Жүрек жылуы,, хатын жолданып, ішінен өздеріне арналған жылы лебіздерді оқыды. Жаңа оқу жылы барысында балаларына үнемі қолдау ата-ана тарапынан қажет екендігі айтылды.Жиналыс соңында ата- аналардан "Сіз балаңызды толық білесіз бе?" тақырыбында сауалнама алынды.




