01
September
2023
1-қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті.
Шара барысында мектеп директоры Кыдырмолдина Асем Ізтілеуқызына алғашқы сөз берілді, өз кезегінде директор Білім күнімен және мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларын құттықтады. Шара барысында шақырылған қонақтар мен ата-аналарға да құттықтау сөз берілді. Шара жоспарлы түрде өтті. 1 - сынып оқушылары мерекелік шараға арнаған тақпақтары мен әсем әндерін орындады, "Алғашқы қоңырау" соғу құрметі берілді.
Шараның соңында, оқушылар мен ата-аналар, сынып жетекшілерімен бекітілген кабинетке өтіп, Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты тәрбие сағаттарына қатысты.
Шараның соңында, оқушылар мен ата-аналар, сынып жетекшілерімен бекітілген кабинетке өтіп, Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты тәрбие сағаттарына қатысты.